Қызметтер

Біздің компания түп шөгінділерін жою проблемасына заманауи және жауапты тәсілдемесін – РЕЗЕРВУАРДА АДАМНЫҢ ҚАТЫСУЫНСЫЗ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ТАЗАРТУ ӘДІСІН ұсынады.

ҚАУІПСІЗ

  • тазарту барысында резервуарда адамның болмауы қызметкерлер үшін қатерлерді төмендетеді және адамдық фактордың әсерін азайтады
  • резервуарда пайда болатын және ұсталып тұратын инертті орта, жұмыстарды жүргізу барысында ерекше өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
  • барлық жұмыстарды тек қана жоғары білікті және оқыған қызметкер жүргізеді

ТИІМДІ

  • түп шөгінділерінің құрамындағы пайдалы өнімнің 98% жұмысқа қайтарылып, сіздің пайдаңызды өсіреді
  • кәдеге жаратуға жататын қалдықтардың көлемі қысқартылады және, соған сәйкес сіздің шығындарыңыз да қысқартылады

ШАПШАҢ

  • резервуарды тазарту үшін қажетті уақыт әдеттегі әдіспен салыстырғанда 80% дейін қысқартылады
  • қысқа тазарту мерзімі резервуарды пайдаланудан шығару мерзімін қысқартады.


ТЕХНОЛОГИЯ

  • Әдістің негізі «ШИКІ МҰНАЙМЕН ЖУУ» технологиясы болып табылады.
  • Технология өнімнің өзін еріткіш ретінде пайдалану арқылы тұйық циклі бойынша жуу принципіне негізделген.
  • Технологиялық үдерісі инертті ортада, резервуарда адамның қатысуынсыз өтеді.
  • Тазарту химикаттарды қолданусыз жүргізіледі.

ЖАБДЫҚТАР

Біздің мобильдік РЕЗЕРВУАРЛАРДЫ ТҮП ШӨГІНДІЛЕРІНЕН АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ МЕХАНИКАЛЫҚ ТАЗАРТУ КЕШЕНІМІЗ S.R.S. (Sludge Recovery System) жууға пайдаланылатын мұнайды қыздырады, содан кейін оны қысыммен, тазартылатын резервуарда орналасқан ерекше құрылымды жуғыш форсункаларға береді. Кешен көмірсутектер буларының атмосфераға шығуына жол бермей, тұйық түйісі бойынша жұмыс жасайды.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

  • резервуардың ішінде қызметкерлердің болмауы – қауіптерді азайту
  • инертті ортада жұмыс жасау – ең жоғары өрт- және жарылыс қауіпсіздігі
  • пайдалы өнімнің 98% клиентке қайтарылады
  • кәдеге жаратуға шығындарды қысқарту
  • тазарту мерзімі қысқа және, соған сәйкес резервуарды пайдаланудан шығару мерзімі де
  • көмірсутегі буларының атмосфераға барынша аз түсуі
  • химикаттарды қолданусыз тазарту
  • резервуарды жуу қажеттілігі болған жағдайда процесс ең аз су мөлшерін талап етеді

СЕРТИФИКАТТАР

Жоғары сапалы толымдаушылар мен жабдықтар өнеркәсіптік қауіпсіздігі талаптарына сертификатталған.