Компания туралы

Lotis SA 2012 ж. Швейцарияда екі компанияның бірлескен кәсіпорны ретінде құрылды:

Nuova Saimar S.r.l. (Италия), құрылған жылы 1994. Компанияның Италия нарығында мұнай және мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарларды тазартуда 15-жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.
http://www.nuovasaimar.it/

Kestrell Solutions (Швейцария), құрылған жылы 1994. Компания халықаралық, соның ішінде Ресей, Қазақстан, Түрікменстан елдерінің (бұрынғы Кеңес Одағының елдерінде) аумақтарындағы мұнай және газ жобаларына белсенді қатысады.
http://www.kestrell.net/

Lotis SA Компаниясының Ресейде - «Лотис» ЖШҚ және Қазақстанда – «Лотис» ЖШС еншілес кәсіпорындары бар.

БІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ

 Тікелей резервуардың ішіндегі қызметкерлермен қолмен тазарту әдісін көздейтін мұнай және мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарларды тазарту жөніндегі қазіргі тазарту әдісі әбден ескіргендігі көптеген жылдар бұрын айқын болған. Өз мәні бойынша қауіпті болып табылатын және өліммен аяқталған бірқатар оқиғалар мен жазатайым оқиғаларға әкелген мұндай тәжірибе көзделуге тиіс. Сонымен қатар, адамға қауіп төндіруімен қатар, осы әдіс қоршаған ортаға да қауіп төндіруі мүмкін, себебі тазарту нәтижелері көп көлемдегі қауіпті қалдықтардың жиналуы болып табылады, оларды өртеу немесе көмуге жіберу қажет болады.

 Біздің компанияда мұнай резервуарларын адамға қауіпсіз тәсілмен, қоршаған ортаға зиян келтірмей және резервуардың ішіне адамды жібермей, егер оның ішіндегі ауа қауіпсіз емес болатын болса, тазартуды жүзеге асыруға болатындығына біз сенімдіміз.

БІЗДІҢ ЖҰМЫСҚА КӨЗҚАРАСЫМЫЗ

Өздерінің жергілікті тапсырыс берушілері үшін резервуарларды тазартуды тек қана қосымша қызмет ретінде ұсынатын компанияларға қарағанда, Лотис компаниясы резервуарларды қауіпсіз және тиімді тәсілмен тазартуды өз қызметінің негізгі бағытына айналдырған және өзін толықтай осы бағытты дамытуға және жетілдіруге арнаған.

 Заманауи жабдықтарға, жоғары білікті мамандарға ие бола отырып, тазартудың ең қауіпсіз және тиімді әдістерін қолданып отырып, біз, тазарту жөніндегі қызметтерімізді біздің бәсекелесімізге қарағанда – адамдарға да, сондай-ақ қоршаған ортаға да барынша қауіпсіз және тиімді тәсілдермен ғана көрсетуді өз мақсатымызға қоямыз.

КЛИЕНТТЕР ҮШІН ПАЙДА

Тазарту жұмыстары басталғанға дейін барлық операцияларды егжей-тегжейлі әзірлеуге және мұқият жоспарлауға өз уақытымыз бен күшімізді жұмсай отырып, біз резервуарларды пайдаланудан шығаруға жұмсалатын алтын уақытымызды айтарлықтай азайта алатынымызға сенімдіміз.

Біз жұмыста қолданатын, сынаудан және бақылаудан өткен тазарту технологиясы шламнан коммерциялық пайдалану үшін жарамды және маңызды болып табылатын кәдеге жаратылуға жататын қалдықтардың көлемін айтарлықтай азайтатын көптеген пайдалы өнім шығаруға мүмкіндік береді.